» » Катарда қазақстандық команда бірінші орын алды

Катарда қазақстандық команда бірінші орын алды

Астана, BAQ.KZ. Халықаралық Катар кубогіне лицензиялық турнир аяқталды.



Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
Ауыр атлетшілер жарыстан үш медальмен келе жатыр. Игорь Сон және Раушан Мешітханова күміс медаль алса, Нижат Рахимов қола жүлдегер атанды.

Бұдан бөлек қазақстандық спортшылар: Игорь Сон (61 кг дейінгі категорияда) – серпе және жұлқыма көтеруден күміс, Нижат Рахимов (73 кг дейінгі категорияда) - серпе және жұлқыма көтеруден күміс, Айдар Казов (81 кг дейінгі категорияда) – серпе көтеруден қола, Карина Горичева (64 кг дейінгі категорияда) – серпе көтеруден қола, Раушан Мешітханова (100 кг дейінгі категорияда) – жұлқыма көтеруде алтын және серпе көтеруде күміс медаль иемденді.

«Біздің ауыр атлетшілеріміз жақсы нәтиже көрсетті. Көзделген нәтижеге қол жеткіздік. Енді көрсеткіштерді жақсартуға тырысамыз. Игорь Сон мен Раушан Мешітханованы ерекше атап өткім келеді. Игорь Сон ересек спортшылар арасындағы екінші жарысына қатысып жатыр. Ол алғаш рет 2017 жылы Ашхабадта өткен жарысқа қатысқан болатын. Бұл жарыста Әлем чемпионаты Арли Чонтеймен бірдей салмақта шығып, оны басып озды», - деді ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері Юрий Мельников.

Baq.kz
24 желтоқсан 2018 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930