» » 2 АЛТЫН, 1 КҮМІС, 5 ҚОЛА

2 АЛТЫН, 1 КҮМІС, 5 ҚОЛА

Бұл жалағаштық боксшылардың облыстық жарыста алған медальдары. Естеріңізде болса өткен сандардың бірінде газетімізге “Қамшыбек өткізген шеберлік дәрісі” деп мақала беріп, Мәдениет ауылындағы спорт мектебі туралы жазған болатынбыз. Бүгін сол Қамшыбек қамшылаған спортшылардың араға апта салмай топ жарғанын қуана жеткізудеміз.
Өткен аптада Қармақшы ауданында Ерлан Нысанбаевты еске алуға арналған турнир болып өтті. Облыстық жарыста 2005-2006 жылы өмірге келген спортшылар сынға түсті.
Оралжан Болатбеков пен Асқар Қуанышов жаттықтыратын жас былғары қолғап шеберлері өздерінің мықтылықтарын танытты. Шаршы алаңда қарсыластарын қоғадай жапырған жалағаштық өрендер 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медальға ие болып, барған 10 боксшының 8-і жеңіс тұғырына көтерілді.
Жалпы, Айдос Айдосұлы мен Құрмаш Тынымбек 1-ші орын алса, Бекарыс Көрегенұлы жеңіс тұғырының 2-ші сатысына көтерілген. Сондай-ақ, Ерасыл Сапарбек, Ахметжан Шырақбай, Нұрдәулет Жолдасбай, Расул Кеңесұлы секілді балғын спортшылар 3-ші орынды қанағат тұтты.
Бұл жарыста чемпион болғандар наурыз айында өтетін республикалық турнирде бақ сынайтынын айта кеткеніміз жөн.

А.БЕК.
Суретте: жарыс жеңімпазы Мадияр Айдосұлы.

12 ақпан 2019 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53(9632) 14

14 шілде 2020 ж.

№52 (9631)

11 шілде 2020 ж.

№51 (9630)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31