» » НӘЗІКЖАНДЫЛАР ТОП ЖАРҒАН ТУРНИР

НӘЗІКЖАНДЫЛАР ТОП ЖАРҒАН ТУРНИР

Аудандық білім бөлімі нәзікжандылар арасында волейболдан турнир ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бұл өз кезегінде спорт саласын дамытып, қатысушылардың тәжірибесін шыңдауға үлкен сеп болып отыр. Биыл да сабақтастық жалғасын тауып, әдеттегідей №123 мектеп-лицейінде ауданның ұлағатты ұстаздары бас қосты.
Нәзікжандылар арасындағы дүбірлі додадаға кент және 14 ауылдық округтен 200-ден астам спортшы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бірнеше жыл қатарынан төрелік етіп жүрген Мұрат Алданбергенов сайыстың уақыт өткен сайын тартысты болып жатқанын айтады.
– Қыздар арасындағы турнир уақыт өткен сайын қарқынын күшейтіп жатқанын, жылдағыдан тартысқа толы болғанын көзімізбен көріп жүрміз. Бұл турнирдің негізгі мақсаты да осы деп ойлаймын. Қатысушылардың барлығының қабілетіне аса назар аударамын. Олардың да жылдағыдан дода тактикасын өзгертіп отырғанын байқаймыз. Өткен жылы Есет батыр ауылының ұлағатты ұстаздары топ жарған болатын. Биыл да сол өңірдің нәзікжандылары керемет ойын үлгісін көрсетуде. Ал, бас бәйге кімге бұйыратынын уақыт көрсетеді, – дейді бас төреші.
Айта кетейік, қатарынан бірнеше жыл ұйымдастырылған аталған турнирде екі жыл қатарынан Есет батыр ауылының мұғалімдері топ жарған болатын. Биылғы сайыстың қорытындысымен тағы да кубок Аламесек ауылдық округіне жол тартты. Жеңімпаз команданы 10 жылдық тәжірибесі бар №124 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекет Әйтімов жаттықтырған. Команда ұжымы да бұл жеңісті үлкен дайындықпен байланыстырады.
– Негізінен ауылдық округтер бойынша көрші Еңбек ауылында спорттың бұл түрі жақсы дамыған. Талай сайыстарда ол өңірден шыққан команда жүлдесіз қайтпайтын. Жалпы, волейбол спорттың бір таңсық түрі емес қой. Сондықтан спорттың бұл түрін бізде де неге дамытпасқа деген ой келді. Осылайша мектеп мұғалімдерінен команда жасақтап, бірнеше жыл жарысқа дайындадым. Басында қиын болғанымен, уақыт өте олар да өздерінің қабілетін арттырды. Команда ішінде бұрыннан спорттың бұл түрімен айналысатындар да жоқ емес. Қазір сол үлкен дайындықтың жемісін бірнеше жыл қатарынан көріп отырмыз. Бұл жеңісті күндердің басы деп есептеймін. Алдағы уақытта үлкен дүбірлі додалар ұйымдастырылса, өзім жасақтаған командамды алып баруға дайын­мын, – дейді Бекет Әйтімов.
Турнир соңында кубок, яғни бас бәйге Аламесек ауылындағы №124 орта мектеп ұжымына бұйырса, ІІ орынға Мәдениет ауылындағы №32 мектеп-лицейінің ұлағатты ұстаздары лайық деп танылды. Ал, кент орталығындағы №201 мектеп-лицей ұжымы үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, турнирде үздік ойын көрсеткен бірнеше ойыншы да алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ.
16 наурыз 2019 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031