» » АЛТЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

АЛТЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында еліміздің тұңғыш «Сұңқар» әскери-теңіз кемесінің командирі, жерлесіміз Болат Алтынбаевты еске алуға арналған турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев тұңғыш әскери-теңіз кемесі командирінің өмір жолына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгін біздер аудан көлемінде ғана емес, облысымыз үшін маңызы зор шараның куәсі болып отырмыз. Республикалық дәрежеде өткізіліп отырған бұл игі шараға қатысушыларға сәттілік тілеймін. Қазақстан Республикасының тұңғыш «Сұңқар» әскери-теңіз кемесінің командирі, жерлесіміз ­Болат Алтынбаевтың өмір жолы, шыққан белесі кейінгі жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелейді. Өз ортасында шоқтығы биік азамат аққан жұлдыздай жарқ етіп, небәрі 29 жасында қаза тапты. Әйтсе де, оның артында ізгілікті ізі мен кісілік ісі қалды. Қыршын кеткен жерлесіміздің өмірі мен білімдарлығы, отаншылдық рухы мен патриотизмі бүгінгі жастарға үлгі-өнеге, таным мен тағылым болып қала бермек, – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, спорттық бәсекеге Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан 16 команда қатысты. Команда сапындағы 273 спортшы 8 салмақ дәрежесінде татами үстінде тайталасқа түсті. Кіл мықтылар арасынан ең мықтыны анықтаған төрешілер оза шапқан дзюдошыларды финалға алып шықты.
Бұл жарысқа Жалағаштан 40 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысымен жалағаштық 2 палуан алтыннан алқа тағынса, 3 спортшы күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, 5 өреніміз қола медальді қанағат тұтты.
Болат Алтынбаев атындағы дзюдо турнирі 2005 жылы облыстық деңгейде өтсе, кейінгі жылдары республика көлемінде ұйымдастырылып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан спортшылар жарыстың жоғары деңгейде өткенін айтуда.

Н.ҚАЗБЕКОВ.

02 сәуір 2019 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031