» » Парадзюдо: Қызылордада алғаш рет

Парадзюдо: Қызылордада алғаш рет

Қызылордада “Мұз айдыны”  спорт кешенінде парадзюдодан халықаралық ашық турнир өтті. Оған  елімізден бөлек, Грузия, Румыния, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ мемлекеттерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов ашты.
– Мұндай жарыс Сыр елінде бірінші рет өтуде. Белдесуге дайындық деңгейі жақсы. Бүгінде пара­дзюдо бойынша өңір жастарының жеткен жетістіктері көңіл қуан­­тады. Әлем чемпио­ны Олжас Оразалыұлы, Азия ойындарының күміс жүл­дегері Азамат Тұрым­бетовтің жеңістері аймақ спортына соны серпін берді. Өткен жылы арнайы ашыл­ған клубта кәсіби түрде спорттың әр түрінен 300-ден аса спортшы айналысуда. Биыл 22 спорт кешені іске қосылатын болады, – деді басқарма басшысы.
Өз кезегінде ҚР парадзюдо федерациясының прези­денті Қанатқали До­салиев дзю­до­шыларға сәт­тілік тілеп, аймақ бас­шылығы мен Сыр жұрт­шылығына алғысын біл­дірді.
Облыстың спорт тарихында бірінші мәрте ұйымдастырылып жатқан дүбірлі бәсекеде палуандар 8 келі салмақта белдесті. Халықаралық турнирге қа­тысушылардың қата­рында  Қазақстан паралимпия спорты тарихындағы алғашқы Əлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Дəулет Темір­жан, Əлем чем­пионатының қола жүл­дегері Əнуар Сариев, Əлем жəне Паралимпиада ойындарының чемпионы Звиат Гогочули, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Алексу Болога, Əлем чемпионатының қола жүлдегері Гиорги Гамджашвили бар.
Белдесудің нәти­жесінде жал­пыко­ман­далық есепте Қа­зақстан бірінші, Грузия екінші, Румыния үшінші орын­дарды иеленді.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Суреттерді  түсірген
Нұрболат Нұржаубай.
07 сәуір 2019 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 123

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 80

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 101

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031