» » Илья Ильин Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын болды

Илья Ильин Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын болды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20-28 сәуір аралығына Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Аталған додаға қатысатын спортшылардың тізімі анықталды. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.


Құрлық біріншілігі 2020 жылғы Токио Олимпиадасына ұпай беретін маңызды алты турнирдің қатарына кіреді.

«Біздің спортшылардың Азия чемпионатына қатысуы – Олимпиадалық ойындардың квалификациясынан өту үшін олардың ұпай жинауларына жақсы мүмкіндік болады. Команданың атынан ең мықты атлеттер қатысады. Ең басты міндетіміз – жақсы көрсеткішке жетіп, спортшылардың Токиодағы Олимпиадалық ойындарға дайындығы кезеңінде жарақат алуларына жол бермеу», - деді Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников.

Ерлер арасында сынға түсетін спортшылар: 

Арлей Чонтей (55 келі), Фархад Харки (67 келі), Денис Уланов, Нұржан Сәменов (81 келі), Нижат Рахимов (89 келі), Илья Ильин, Рустам Сыбай (96 келі), Александр Зайчиков, Ибрагим Берсанов, Селімхан Абубакиров (109 келі). 

Қыздар арасында сынға түсетін спортшылар: 

Зүлфия Чиншанло (55 келі), Карина Горичева (64 келі), Екатерина Столяренко, Екатерина Быкова (71 келі), Жазира Жапарқұл (76 келі), Раушан Мешітханова (81 келі), Лариса Кобелева (87 келі), Айзада Мүфтілда (+87 келі).

 
Фото: дереккөз
10 сәуір 2019 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9552)

28 қыркүйек 2019 ж.

№75 (9551)

24 қыркүйек 2019 ж.

№74 (9550)

21 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031