» » Білектілер мен жүректілер

Білектілер мен жүректілер

Қазақ күресінен ХХ аудандық «Алтын белбеу» жарысы өтті. Жарысқа кент және ауылдық округтерден 100-ге жуық жас спортшы қатысты.
Спорттық шараны ашқан аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов жарыс­ты қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Жалпы, біздің ауданымызда бұқаралық спортты дамыту – басты назарда. Жыл сайын дене шынықтыру және спорт сала­сының материалдық-техникалық базасы нығайтылып келеді. Өскелең ұрпақты спортқа баулу, денсаулығы мықты азамат етіп тәрбиелеу күн тәртібінен түскен емес. Спорт саласын дамыту бағытындағы жұмыстардың арқасында жалағаштықтардың спортқа деген қызығушылығы күн санап артып келеді. Аудандық «Алтын белбеу» жарысы ауданымызда 20-мәрте өткізілуде. Ауданымызда қазақ күресі федерациясы құрылған. Қазақ күресінен облыста топ жарып жүрген жастарымыз Есенов Жайдар, Жақсыбек Жеңісбек, Рүстем Әділбек, Қасым Ерасыл, ­Болат ­Нау­рыз сынды жас спортшыларымызды біз мақтанышпен айта аламыз, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ, кент ардагерлер кеңесінің төра­ғасы Біржан Көштаев, аудандық қазақ күресі федерациясының президенті Оразбек ­Ахметов, жарыстың бас төрешісі Болат Жаппасбаев қазақ күресінің маңыздылығына тоқталып, жарыс ережесімен таныстырды.
Айта кетейік, жарысқа қатысушылар төрт жас ерекшеліктері бойынша бақ сынады. Бұған дейін бұл спортшылар мектепішілік, ауылдық кезеңдерде жеңіске жеткен еді.
Жарыс қорытындысы бойынша «Алтын белбеу» жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды.

Н.ЖАНҰЛЫ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
23 сәуір 2019 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031