» » Елеусінов Головкин жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

Елеусінов Головкин жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады

© zimbio.com


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) украиналық Александр Усиктің (16-0, 12 КО) андеркартында франциялық Карлос Такамаға (36-5-1, 28 КО) қарсы жекпе-жегін өткізбейтін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқыда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Мэрилэнд штатының Оксон-Хилл қаласында жұдырықтасуы керек болатын.

Қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиевтің сөзінше, Елеусіновтің жекпе-жегін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркартына кіргізу туралы шешім қабылданды.

"25 мамырдың орнына 8 маусымда Головкиннің кешінде жұдырықтасуды шештік. 10 раунд. Қарсыласты қарастырып жатырмыз", - деді Әлиев.

Еске салайық Головкин - Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болады. Бұл бокс кешінде жеңілмеген қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) те жұдырықтасады. Оның ісін GGG Promotions компаниясы жүргізеді.

kaz.tengrinews.kz
04 мамыр 2019 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930