» » Жас теннисшілеріміз Азия чемпионатында топ жарды

Жас теннисшілеріміз Азия чемпионатында топ жарды

Қыздар арасындағы жекелей сында Кенжебаева, ал ұлдар арасындағы бәсекеде Батютенко оқ бойы оза шапты. 

ÐÐ°Ñ ÑенниÑÑÑлеÑÑмÑз ÐÐ·Ð¸Ñ ÑемпионаÑÑнда Ñоп жаÑдÑ

ERNUR.KZ. Ташкентте теннистен 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті, деп жазады prosports.kz.

Қыздар арасындағы жекелей сында Сандуғаш Кенжебаева чемпион атанды. Турнир барысында бірде-бір рет жеңілмеген ол финалда Үндістан спортшысын 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Ұлдар арасындағы бәсекеде тағы бір спортшымыз топ жарды. Макс Батютенко ақтық сында турнирдің екінші ракеткасы, тайландық теннисшіні 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Құрлық чемпионатында көзге түскен Кенжебаева мен Батютенко жазда Еуропада өтетін жоғары санатты турнирлерге қатысу мүмкіндігін алды. Олардың барлық шығынын Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өз мойнына алмақ.

 
ERNUR.KZ
14 мамыр 2019 ж. 25 0