» » Францияда динозаврдың екі метр сүйегі табылды

Францияда динозаврдың екі метр сүйегі табылды

Алып динозаврдың сүйегін археологтар 22 шілдеде қазу жұмыстары кезінде Францияның батыс аймағынан тауып алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Известия» сайтына сілтеме жасап.


динозавÑ

«Алғаш динозаврдың сүйегін он жыл бұрын тапқан археологтар тағы да ұзындығы 2 метр және салмағы 500 келі болатын екінші сүйекті тапты», – делінген сайтқа жарияланған департамент кеңесшілерінің сөзінде.

Табылған мықын сүйегінен бөлек, жамбас сүйектерінің үлкен фрагменттері де шықты. Бұл да сол динозаврға тиесілі. Палеонтологтардың айтуы бойынша, кесірткенің жасы 140 миллионда деп жобаланады.

BFM TV телеарнасының хабарлауынша, сүйек қалдықтарын жерден қазып шығару үшін он күн қажет екен. 

2010 жылы бұл аймақтан осыған ұқсас жамбас сүйегі табылған екен. 

Маусым айының аяғында динозаврларды жемтік қылған қолтырауынның сүйек қалдықтары Австралиядан табылғаны хабарланған болатын.
25 шілде 2019 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031