» » Тарих қойнауына саяхат

Тарих қойнауына саяхат



Біз, ардагерлер Ақсу, Бұқарбай батыр, Қаракеткен және ауданнан ұйымдасқан он екі ардагер 26 күні таңмен таласа «Газель» авто­кө­лігімен Қорқыт ата және Марал ишан кесенесіне бет алдық. Алдымен Қорқыт ата басында болдық. Ашық аспан астындағы ат шаптырым мұражайды араладық, музейіне кіріп, қызметшінің таныстыруымен көне замандардың көзіндей болып сақталып келе жатқан белбеу, қанжар, қобыз сияқты жәдігерлерге куә болдық. Ата-бабалардың мәңгілік мекеніне зиярат етіп, құранға қол жайдық. Одан кейін «Марал ишан» бабаның басына барып тәу етіп, көне тарихтың күмбіріне құлақ түрдік. Кесене басындағы шырақшы Марал ишанның және де қасында жатқан туыстарының жеке-жеке аттарын атап, сол әулиелердің көріпкелдік қасиеттерін бастан-аяқ баяндап берді. Ертеректе әкеміз: Марал ишан ұрпақтары Әмит ишан, Қауыш ишан және де Қызылорда мешітін ұстаған Сүлеймен ишан деген кісілердің құманын ұстап, қолына су құйды. Олар біздің бабаларымыз. Біз ол кезде бөлінбейтінбіз деп отыратын. Бұл тарихи сапар маған ерекше әсер етті. Тұла бойым жеңілдеп, жақсы сезімде болдым. Ардагерлердің басын қосып, осындай игілікті шара ұйымдастырып отырған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және Жалағаш кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаевқа сонымен бірге бізге қызмет жасаған қыздарым Даша, Сағыныш, Ақнұрларға шексіз алғысымды білдіремін.
Қарты бар елдің қазынасы бар. Ардагерлердің қоғамдағы орны бөлек.


Айша ЕСЕНБАЕВА,
еңбек ардагері

03 тамыз 2019 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 562

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031