» » Шыңғысхан қызына үйленгісі келген билеушіге қандай талап қойғанын білесіз бе?

Шыңғысхан қызына үйленгісі келген билеушіге қандай талап қойғанын білесіз бе?

Моңғолдардың ұлы билеушісі Шыңғысханның ержүрек ұлдарының ерліктері туралы тарихи еңбектер мен зерттеулер көп. Ал атақты патшадан өрбіген қыздар жайлы не білесіз? Бұл сұраққа weekend.bugin.kz сайты жауап береді.

Шыңғысханның жарты әлемді жаулаған ұлы державаның негізін салуында ұлдарымен қатар қыздарының да саяси рөлі орасан зор болған.

Нақтырақ айтқанда, ол қыздарын көршілес мемлекеттердің билеушілеріне ұзатқан. Бірақ, ұлы ханның болашақ күйеу балаларына қоятын талап-тілектері тым қатаң болған екен.

Оның алғашқысы, Шыңғыс әулетіне күйеу бала болуға үміткер билеуші өзінің оған дейін үйленген барлық әйелдерінен ажырасуға тиіс болыпты.

Осылайша, Шыңғысхан өз қыздарының көршілес елдегі билікке үміткер болып қалатынын түсінген.

Құдалық қамы бітіп, неке қиылып болған соң билеушілер әскер басында майдан даласына аттанған.

Алайда, билеушілер ол соғыстардан тірі шықпаған.Олардың бірі-жау қолынан ажал құшса, екіншісі өз оққағарларының қолынан қаза тауып отырған. Ал бұл әрекетті олар Шыңғыс ханның бұйрығымен жүзеге асырып жүріпті.

Дәл осындай саясаттың арқасында елдегі барша билік Шыңғысхан қыздарының қолына өтіп отырған. Жылнамашылардың жазуынша, Ұлы ханның өлер шағында оның қыздары Сары теңізден Каспий теңізіне дейінгі ұлан-ғайыр далада билік жүргізген екен.

nur.kz

21 ақпан 2019 ж. 353 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031