» » Қызылордада 55 жастағы азамат суға батып кетті

Қызылордада 55 жастағы азамат суға батып кетті

Қызылорда қаласына қарасты «Сабалақ» саяжайын маңындағы каналда 1 шілдеде 55 жастағы азамат суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол рұқсат етілмеген аумақта суға түскен. Салдарынан тілсіз жаудың құрбаны болды. Оның денесін іздеуге «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің мамандары тартылды. Марқұмның жансыз денесі бір сағаттай уақыттан кейін жағаға шығарылды. «Жыл басынан бері Қызылорда облысында суға кетуге байланысты 16 жағдай тіркелді. Олардың ішінде 5-і мектеп оқушылары. Сондықтан жергілікті тұрғындардан суға түсу қауіпсіздігін қатаң сақтауын сұраймыз. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларды су айдындарына қараусыз жібермеуін өтінеміз», - деді «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақыт Ембергенов. Бұдан бұрын Қызылордада 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткенін хабарлаған едік.

03 шілде 2019 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30