» » Павлодар облысында жұмыртқа мен қант арзандады

Павлодар облысында жұмыртқа мен қант арзандады


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жұмыртқа мен қант арзандаған 06.07 2019 10:11 Өңірде 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы тұтыну бағаларының индексі 102,2%-ды, азық-түлік тауарлары 105%-ды, азық-түлік емес тауарлары 101,9%-ды, ақылы қызметтер 99%-ды құрады, деп хабарлайды pavlodarnews.
«Осы уақыт аралығында азық-түлік тауарлары бойынша көкөніске баға 13,1%-ға, нан өнімдері мен жармаға - 7,7%-ға, етке - 6%-ға, шұжықтар, ет өнімдерге - 5,3%-ға, алкогольсіз сусындарға - 4,7%-ға, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне - 3,6%-ға, сүт өнімдеріне - 2,8%-ға, кондитер өнімдеріне - 2,6%-ға өсуі байқалды. Сонымен қатар жұмыртқаға 12%-ға, қантқа - 0,3%-ға баға төмендеді,» - делінген өңірлік статистика департаментінің мәліметінде.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында фармацевтикалық өнімдердің бағасы - 4,8%а, жиһаз және үйге қажетті заттар - 4%, тұрмыстық құралдар - 2,5%, киім мен аяқ киім - 2,4%, жуғыш және тазалағыш заттар - 2%-ға өскені байқалды. Жанар-жағар май материалдарына 0,8%-ға арзандаған.
Ақылы қызметтер бойынша амбулаториялық қызметтерге - 4,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру - 3,7%-ға, білім беру қызметтеріне - 3,5%-ға, көлік қызметтеріне - 0,2%-ға бағаның өсуі тіркелді. Ал, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтер 7,1%-ға арзандады.

inform.kz

06 шілде 2019 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031