» » Қазақстанның 7 облысында аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 7 облысында аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды

ÒазаÒÑÑаннÑÒ£ 7 облÑÑÑнда апÑап ÑÑÑÑÒÒа байланÑÑÑÑ Ð´Ð°ÑÑÐ»Ð´Ñ ÐµÑкеÑÑÑ Ð¶Ð°ÑиÑландÑ

Қазақстанда күннің ысуына байланысты 7 облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 


9 шілдеде күндіз Атырау облысында 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.
9 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 36 градусқа дейін күн ысып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғады. 
9 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғатын жел сақталады. Күндіз 41°С-қа дейін күн ысиды.
10-11 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41°С-ға дейін қатты ыстық болады. 9 шілде түнде және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайы. Солтүстік-батыстан, батыстан 18 м/с жел күтіледі.
9 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман тұтып, найзағай ойнап, күндіз дауыл болып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.
10 шілдеде күндіз кей жерлерде, 11 шілдеде Ақмола облысының басым бөлігінде 35-38°С-қа дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.
9 шілдеде күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде 39°С-қа дейін, 10-11 шілдеде 41°С-қа дейін аптап ыстық болады. 

09 шілде 2019 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 125

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 82

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 102

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031