» » "Үш еселеніп қайтты": Елордада көшеден 5 млн теңге тауып, иесіне қайтарған ер адам ойда жоқта баспаналы болды

"Үш еселеніп қайтты": Елордада көшеден 5 млн теңге тауып, иесіне қайтарған ер адам ойда жоқта баспаналы болды

Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылы көшеден 5 млн теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген Ұлттық ұлан қызметкері Нұрсұлтан Әміров ойда жоқта баспаналы болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы журналист Нұрсерік Жолбарыс Facebook желісінде жазды. 

Бүгінде баспана мәселесі жөнінде көптеген кеңес беріп жүрген журналист әрі экономист Дәулет Мұқаевтың Instagram желісінде 170 мың оқырманы бар. Ол таяуда оқырмандарының арасында ұтыс ойнатып, бас жүлдеге елордадан бір бөлмелі пәтер тіккен еді. Ұтыстың қорытындысы бойынша, құны 15 млн 500 мың теңге тұратын пәтерді перзентханадан таяуда ғана шыққан келіншек ұтып алған.

«Ол лоторея билетін алғанын күйеуіне айтпаған екен. Күйеуі естіп қуанып жатқан шығар. Бір қызығы, күйеуі – Нұр-Сұлтанда Ұлттық ұланның сарбазы болып жүргенде (2017 жылы) елорда көшесінен 5 млн теңге тауып алып, иесіне табыстаған. Бұл туралы кезінде жаңалықтардан оқыған едік. Міне, енді сол адал ниеті, дұрыс қадамы Нұрсұлтанның отбасына үш еселеніп қайтты. Ниетіне қарай берген баспанасының құтты мекен болуына тілекшімін.

Бұл дүниеде не жасасақ та, өзімізге қайтады. Ниетіміз қандай болса, соның жауабын аламыз», - деп жазды Нұрсерік Жолбарыс. 


10 шілде 2019 ж. 23 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 125

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 82

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 102

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031