» » АРЫСТАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

АРЫСТАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ



Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдай ел тұрғындарының ешбірін бей-жай қалдырмағаны анық. Жарылыс салдарынан орын алған жағдайға байланысты Қазақстан халқы бір үйдің баласындай бірігіп, Арысқа көмек көрсете бастады. Тоғыз жолдың торабында орналасқан қаланы қалпына келтіру үшін әрбір аймақ жұмылдырылатын
болды.


Өткен аптада облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысының Арыс қаласына арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қызылорда облысына Арыс қаласының 254 үйі мен 15 нысанын жөндеуден өткізу жүктелгенін айта кеткеніміз жөн.
– Бұл жұмыстарға Қызылорда облысының 20 құрылыс компаниясынан 4 топ бөлінген. Қазіргі таңда 96 жұмысшы жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Жоспарға сәйкес шілде айының соңына дейін жөндеу жұмыстары толығымен аяқталады. Жалпы 2019 жылдың 25 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Арыс қаласының тұрғындарына Қызылорда облысынан 38 тоннадан астам гуманитарлық көмек, яғни, киім-кешек, азық-түлік және басқа да тұрмыстық заттар жіберілді , – деді облыс әкімі журналистерге берген сұхбатында.
Мамандардың айтуынша, шілде басталысымен үйлердің есік-терезелерін және шатырларын ауыстыру жұмыстары қолға алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес тиісті деңгейде жүргізілуде. Бүгінгі күні 9 үй толық қалпына келтіріліп, 74 үйде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сыр жұртшылығының Арыстағы ағайынға алғашқылардың бірі болып көмек қолын созғаны белгілі. 2800-ден астам мемлекеттік қызметші, бюджеттен қаржыландырылатын меке­­мелер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер мен меценаттар қаржылай көмегін көрсетті. 26 маусым күні Сыр жастары атынан 50 жас ерікті көмек көрсетуге келді. Олар 2 күн бойы үйлерді қалпына келтіруге жәрдемдесті. 3 шілде күні тағы 50 ерікті келіп жетті.
2019 жылдың 9-18 тамызы аралығында Арыс қаласынан 150 бала облыстық білім басқармасының «Облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында» тегін демалады. Балалар үшін психологиялық тренингтер, тауға экскурсиялар, түрлі үйірмелер ұйымдастырылады.
Қызылордада қабылдау пункттері де жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар шілде айында барлық бюджеттік мекеме қызметкерлері арыстықтарға тағы да бір күндік жалақыларын аударады.

«ЖЖ» ақпарат

10 шілде 2019 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 125

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 82

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 102

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031