» » Алматы, Шымкент және Қызылордада қару-жарақ сатумен айналысқандар ұсталды

Алматы, Шымкент және Қызылордада қару-жарақ сатумен айналысқандар ұсталды



Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында атыс қаруын заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтардың құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында 8 "Калашников" автоматы және 2 тапаншаны сату фактілері құжаттандырылды. Аталған қару заңда белгіленген тәртіппен алынды.

2019 жылғы 18 және 19 шілдеcінде Алматы және Шымкент қалаларында топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өткізілген.

"Олардың кейбірі деструктивті діни ағымдарды ұстанушы және "ұрылар қауымдастығы аталмыш өкілдерімен тұрақты байланысы бар адамдар болып табылады", - делінген хабарламада.


Тінту іс-шаралары барысында фигуранттардың бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша қолмен құрастыруға және қаруды қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған.
Қабылданған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағына қару әкелетін кезекті ірі арна жойылған. Ұсталған адамдар бұрын сатқан криминалдық қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

NUR.KZ
25 шілде 2019 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30