» » ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

Жуырда Есет батыр және Мәдениет ауылында өрт сөндіру бекеті ашылып, қажетті жұмыстар атқарылды. Ауданда өрт сөндіру бекеттерін құру қажеттігі бұрыннан туындаған мәселе. Сондықтан мәселені шешу мақсатында аудандық және ауылдық әкімшіліктер тарапынан әртүрлі нұсқалар қаралды. Бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Жалағаш ауданының бюджетінен осы өрт бекеттерін ашуға 4,5 млн теңге қаралды.
– «Қызылорда облысы аумағында 2018-2020 жылдарға арналған өрт сөндіру қызметтерімен қорғалмаған елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру жоспары» бекітілді. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы облыс бойынша 6 бекет құру жоспарланған болатын. Кейбір ауылдар кент орталығынан және мемлекеттік өртке қарсы қызметінің өрт сөндіру бөлімінен едәуір қашықта орналасқан. Өрт оқиғасы орын алған жағдайда шұғыл әрекет ету мен жану көздерін шығынсыз жою өте маңызды. Осы орайда қашықта орналасқан елді мекендерді өрттен қорғау мақсатында жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру бекеттерін құруда, – дейді мамандар.
Құрылған бекет қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақта халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен қатар төтенше жағдайларды жоюға қатыстырылатын болады.

Н.ЖАНҰЛЫ
30 шілде 2019 ж. 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031