» » АУДАН ӘКІМІ ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ТЫНАРБАЙ ТІЛЕГЕНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ТЫНАРБАЙ ТІЛЕГЕНДІ ҚАБЫЛДАДЫ


Бүгін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев 2019 жылдың 27-30 шілде аралығында Тайвань мемлекетінің астанасы Тайбэй қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысып, 66 келі салмақта жеңімпаз атанған жас спортшы Тынарбай Тілегенді қабылдады. Кездесуде аудан әкімі Тілегеннің қандай да болмасын бастамаларына қолдау білдіретіндігін айта келе, спорт саңлағына алдағы додаларда сәттілік тіледі.
Кездесу соңында білім мен спортты қатар алып жүрген жас спортшыға Қайратбек Әубәкірұлы аудан әкімінің Алғысын және сый-сыяпат табыстады.
Айта кетейік, Тілеген биылғы жылдың өзінде-ақ бірнеше мәрте әлемдік додаларда топ жарып, жеңімпаз атанған.
Шілде айының басында Қытайдың Макао қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Азия кубогының 73 келі салмақта күміс жүлдегері, сәуір айында Алматы қаласында өткен Б.Махмудовтың жүлдесіне арналған дзюдодан халықаралық турнирдің 73 келі салмақта жеңімпазы, наурыз айында Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен дзюдодан кадеттер арасындағы Азия кубогының 66 келі салмақта жеңімпазы, ақпан айында Тараз қаласында өткен дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында 66 келі салмақта жеңімпаз атанған.
Тынарбай Тілеген - №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің шәкірті.
Тілегеннің жаттықтырушылары - Қызылорда облысының жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Молдаханов Арман, Калменов Өмірбек, Есенов Жайдарбай.
02 тамыз 2019 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 562

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031