» » ТАПСЫРМА УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

ТАПСЫРМА УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАЛУЫ ТИІС



Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.


Мәжілісте алғашқы мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құрақбаев хабарлама жа­с­ады. Ол әкімдердің есепті кезде­суінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің қалай орындалып жатқанын баяндады.
Әкімдердің халықпен биылғы есепті кездесулерінде 65 ұсыныс айтылған. Басым бөлігі жол жөндеу, ауыз су, электр желілерін жаңғыртуға байланысты. Аппарат басшысы тұрғындар айтқан ұсыныстар аудан әкімінің іс-шарасына енгізілгенін жеткізді. Бүгінге дейін соның 62 пайызы орындалған. Аудан басшысы халықтың ұсынысы басты назарда болуы қажеттігін айтып, тиісті мамандарға бұл мәселені жыл соңына дейін толық орындау туралы тапсырма берді.
Биылғы қаңтар-маусым айлары ара­­лығында өткен мәжілістерде аудан бюджетінен қаржыландырылатын ат­қа­­рушы органдар мен кент, ауылдық округ әкімдеріне 183 тапсырма бе­ріл­ген. Күн тәртібінде көтерілген келесі мәселе осындай жиындарда беріл­ген тапсырмалардың орындалуы туралы болды. Аппарат басшысы хаттамалық тапсырмалардың 93 пайызға жуығы орындалғанын мәлім­деді. Бұл ретте аудан әкімі берілген тапсырманың уақытында орындалуы қажеттігін на­зарға салды.
Осы жылдың шілдесіне дейінгі мәлімет бойынша аудандағы тіркел­ген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2340 бірлікті құраған. Оның 89 пайыздан астамы жұмыс істеуде. Осы сынды мәлімет­терді алға тартқан аудандық кәсіп­керлік, өнеркәсіп және туризм бөлі­мі­нің басшысы Жасұлан Еспенбет бұл көр­сеткіштердің былтырғыдан анағұр­лым жақсы екенін айтты.
Бөлім басшысы өткен жылдың қорытындысымен 2300 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелгенін, оның 1914-і ғана жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Екі аралықтағы көрсеткішті салыстырғанда тіркелгендердің саны 40 бірлікке, ал жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 170-ке артқанын көруге болады.
Мұнан соң аудандық экономика және бюд­жеттік жоспарлау бөлімінің бас­шысы Жұпар Баймаханова хабар­лама жасап, ауданның әлеу­меттік-экономикалық да­муын тілге тиек етті.
Ауданның бас экономисінің ай­туынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар әлеуметтік саланы дамытуға, шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, аудан экономикасын көтеруге бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық даму көр­сет­­кіштері бойынша өсім қалып­тасқан.
Негізі әлеуметтің әлеуетін артты­руға бағытталған шаралар аудан әкімінің іс-қимыл жоспарында қам­тыл­ған. Аудандық экономика және бюд­жеттік жоспарлау бөлімінің бас­шысы іс-қимыл жоспарының орын­далу барысына да тоқталды. Мұнда кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, инфра­құ­рылым, агроөнеркәсіптік кешен, баға­ның не­гізсіз өсуіне жол бермеу, адами капи­талды дамыту, қоғамдық тәртіп, мемлекеттік жеке­шелік әріптестік сынды бағыттар бар.
Мәжілісте жылу маусымына дай­ын­­­­дық жайы да қаралды. Бұл мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары бөлімінің басшысы Өмірзақ Елеусінов хабарлама жасады. Ол алдағы жылу маусымына жан-жақ­ты дайындық жүргізіліп жатқанын баяндап, ауданға көмірдің қажетті деңгейде жеткізілетінін мәлімдеді.
Жиын соңында аудан әкімі бірқатар сала басшысына нақты тапсырма бе­ріп, халықпен етене жұмыс істеу қа­жет­тігін ескертті.

Азиз БАТЫРБЕКОВ


03 тамыз 2019 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031