» » «NUR OTAN»: КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ

«NUR OTAN»: КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ



«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен партия филиалының кезектен тыс XХV конференциясы өтті.

Конференцияда «Nur Otan» пар­тиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева хабарлама жасап, биылғы 6 айда атқарылған жұмысты баян­дады.
«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы республикалық желілік кестеге сәйкес жұмыс іс­теуде. Партияның сайлауалды бағ­дар­­­ламасындағы мақсат-міндет­терді және Ұлт жоспарының 100 нақ­ты қадамындағы, бес әлеу­меттік бас­тамадағы бағыттардың жүзеге асырылуы бойынша бірнеше шара өтті. Осындай мәліметтерді тілге тиек еткен филиал төрағасының бірінші орынбасары партиялық жоба­лар­мен де жұмыс істеліп жатқанын баяндады.
Рас, тұрғындар мәселесін ай­тып, партия есігін қағып жатады. Мұн­дайда аудандық филиал қыз­мет­керлері қолдан келген көмегін аяған емес. Тіпті қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген жанның мәселесін мейлінше шешуге тырысатынын жұрт­шылық жақсы біледі. Қаншагүл Шоңмұрынқызының айтуынша, пар­тия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне биылғы 6 айда 48 арыз-шағым түскен. Түскен арыз-шағым бойынша тиісті жұмыс атқарылып, 11-і оң шешімін тапса, 37 өтініш бойынша заңдық кеңес берілген.
Сонан соң аудандық кәсіп­керлік, өнеркәсіп және туризм бө­лімінің басшысы Жасұлан Еспенбет партия филиалы Сая­си кеңесінің жаңа құрамымен та­ныс­­тырды. Саяси кеңес құрамы бас­тауыш партия ұйым­дарының жетекшілерімен және аудандық мә­слихат депутаттарымен толы­ғып, төрағалардың үлесі 50 ­па­­­­­­­­­­­­­­­й­ыз­­­ға артты.
Жиын барысында 9 маусым күні өткен Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің кезектен тыс сай­лауын­да үгіт-насихат жұмыс­та­ры­на ат­салысқан партия бел­сен­ділері ма­ра­патталды.

“ЖЖ” ақпарат

03 тамыз 2019 ж. 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 577

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 561

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031