» » Қызылордадағы «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясына 7 мың адам қатысты

Қызылордадағы «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясына 7 мың адам қатысты



Қызылорда облысында «Birge – TazaQazaqstan» экологиялық акциясы күз мезгіліне дейін жалғасатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 2019 жылы 20 шілдеде ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған «Birge - Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы Қызылорда облысында әр апта сайын өткізіліп келеді. Бүгін Қызылорда қаласында өткен экологиялық акцияға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты. Естеріңізге салайық, алғашқылардың бірі болып акцияға Қызылорда облысы қолдау білдірген болатын. Сыр өңіріндегі экологиялық акция Арал ауданындағы Көкарал бөгетінің жанын тазартудан басталды.
Ауданға арнайы сапармен барған Аоблыс әкімі Қуанышбек Ысқақов эстафетаны өңірдің барлық аудандары мен елді мекендеріне жолдаған еді. Бүгінгі акцияға облыстық мекемелер, жастар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Облыс орталығында Сырдария өзенінің жағалауынан құтқару мекемесі аралығындағы аумақ қоқыстан тазартылды. Бұл аумақтың жалпы ұзындығы 8 шақырымға жуықтайды. Акцияға 7 мыңға жуық адам атсалысты. Акцияны әр сенбі сайын күз айына дейін жалғастыру жоспарлануда. Шара аясында қатысушылар тарапынан жақын маңда орналасқан тұрғын үй иелеріне қоқыстарды бей-берекет тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

https://syrboyi.kz

04 тамыз 2019 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031