» » 12 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шараларға шолу

12 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шараларға шолу

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 12 тамыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.30-да Ұлттық теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасында Азияның командалық біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де Шекара қызметінің академиясында Алматы марафонының қайырымдылық шарасы аясындағы үш нысанның бірі таныстырылады. Сағат 11.00-де«Almaty Towers» көпфункциялы кешенінде Қазақстан қор биржасы (KASE) дәстүрлі медиа-брифинг өткізеді. Оның барысында қазақстандық қор нарығының (соның ішінде валюталық нарықтың) 2019 жылғы шілдедегі жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынады. Сағат 12.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы театрда Central Asia’s Got Talent («Орталық Азия таланттарды іздейді») телевизиялық жобасының төрт мемлекетте (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) өткен іріктеу кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

 https://www.inform.kz/kz/12-tamyzda-nur-sultan-men-almatyda-otetin-manyzdy-sharalarga-sholu_a3555448
11 тамыз 2019 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031