» » Босанған жас аналар арасында байқау басталады

Босанған жас аналар арасында байқау басталады

Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады

ÐÐ°Ñ Ð±Ð¾ÑанÒан Ð°Ð½Ð°Ð»Ð°Ñ Ð°ÑаÑÑнда байÒÐ°Ñ Ð±Ð°ÑÑалдÑ


«Азаматтарға арналған үкімет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.

Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар жазған постында мемлекеттік корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (instagram әлеуметтік желісінде), #анағацифрлықжәрдем хэштегін қоюы тиіс.

Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмірдің түсуі арқылы таңдалады. Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңімпаз bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің жөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарына қосымша сертификат алады.

Анықтама: «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметі egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында іске қосылған. Жыл басынан бері алты ай ішінде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсімделген. 


ernur.kz

13 тамыз 2019 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

№93 (9569)

26 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 472

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 462

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031