» » ҚУАНЫШ СЫЙЛАП БАЛАҒА

ҚУАНЫШ СЫЙЛАП БАЛАҒА


Кеше аудан орталығындағы іргелі білім ошақтарының бірі – Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.
Акция аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған. Осындай санаттағы балаларды мектеп киімдерімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік себептермен мектептен тыс қалып қоймауына ықпал жасау.­­­
Шара барысында облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназарова, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, акция әлі де жалғасын табатынын жеткізді. Игі істе облыстық мәслихат депутаты Р.Байназарова, жерлесіміз Ж.Бекішев және жеке кәсіпкерлер демеушілік жасады.
Білім ошағында өткен акцияда барлығы 39 бала қамтылды. Оқушыларға мектеп формасы, спорттық киімдер және оқу құралдары табысталды.
Жалағаштық азаматтардың мұндай бастамаларға қолдау білдіретінін біз бұған дейін де жазғанбыз. Бұл шаралардың барлығына елге болсын дейтін азаматтар өз үлестерін қосуда.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

14 тамыз 2019 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031