» » Спорт күніне орай салтанатты шара өтті

Спорт күніне орай салтанатты шара өтті

Кеше Қ.Қазантаев атындағы аудандық Мәдениет үйінде спорт күніне орай салтанатты шара өтті. 
      Салтанатты шарада сөз алған аудан басшысы аудан спортының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ардагер-спортшыларға, жаттықтырушыларға алғысын білдірді.
 - Ауданымызда бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда ауданымызда спорттың 23 түрімен 10155 адам, яғни 28,4 пайызы тұрақты түрде шұғылданса, спортпен тұрақты шұғылданушылар санын 30 пайызға дейін жеткізуді көздеп отырмыз, - деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Салтанатты шарада кәсіби мерекеге орай сала ардагерлері, қызметкерлер, спортшылар аудан әкімінің, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хатымен, «Спорт ардагері», «Тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды.
Айта кету керек, ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында облыстық бюджет есебінен жалпы құны 187,0 млн теңгені құрайтын Мәдениет ауылдық тіректі елді мекенінде 2018 жылы спорттық кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен аудан спортшылары Республикалық және Халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарында 11 алтын, 5 күміс, 12 қола медальдарды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 6 алтын, 2 қола медальдарға қол жеткізді. 38 спортшы - І разрядты, 4 спортшы – ҚР-ның спорт шебері, 169 спортшы – «Спорт шеберлігіне үміткер» нормативін орындады.
21 тамыз 2019 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930