» » ТҮЛІК АСЫЛДАНБАЙ, ТАБЫС АРТПАЙДЫ

ТҮЛІК АСЫЛДАНБАЙ, ТАБЫС АРТПАЙДЫ


Қазір тірлік істеймін, кәсібін дөңгелетемін деген жанға мемлекеттен қолдау көп. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік бағдарламалар басымдық беруде. Мұны тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары қорасын малға толтырып, төрт түліктің басын көбейтуде.
  “Мал баққанға бітеді” деген ата-бабамыз әу бастан төрт түлікті көбейту жайын жақсы білген. Қазіргі таңда ата кәсіпті қайта жандандыруға барлық мүмкіндік жасалып отыр. Тіпті тиісті мамандарға барып, кеңес алсаңыз да сізге кәсіп бастаудың қыр-сырын үйретіп, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу тетігін көрсетеді. Соның нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауылда өз кәсібін бастаушылар қатары қалыңдауда.
  Мәселен, былтырғы жылдың бірін­ші жартыжылдығында МІҚ – 15,6 пайыз­­ға, жылқы – 10,1 пайызға, түйе – 4,3 пайызға, қой-ешкі – 12,1 пайызға артса, үй құстары – 88,9 пайызды құрады. Мал шаруашылығын дамытуға «ҚазАгроҰлттық басқару Холдингі» жобасының негізінде дайындалған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 40 шаруашылық 2011-2019 жылдар аралы­ғында 395,7 млн теңге несие алып, бұл қаржыға 2533 бас жергілікті аналық пен 148 бас асыл тұқымды бұқа алынды.
Биыл ауданда етті мал шаруа­шылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша шет елдерден 200 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспары белгіленіп, бүгінгі таңда Ақсу ауылдық округінен «Қиясов» ШҚ Ресей Федерациясынан 100 бас асыл тұқымды қалмақ сиырын сатып алды. Сонымен бірге алдағы айда «АгроЛидерТаң» ЖШС Чехия мемлекетінен 100 бас асыл тұқымды сиыр әкелуді жоспарлауда.
Өңірде мал шаруашылығын дамыту бағытында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Ержанов» ЖК 200 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын және «Қайыпназарова» ШҚ 100 бас асыл тұқымды қалмақ сиырын осы күзде әкелуді жоспарлап отыр.
  Айта кетейік, етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы негізінде ауданда 7800 бас қой сатып алу жоспары жасалған болатын. Соның аясында Қаракеткен ауылдық округіндегі «Қаншайым» ШҚ «Агронесие корпорациясы» АҚ-дан 11,9 млн теңге несиеге 805 бас жергілікті қой аналығын және Ақтөбе облысы Ырғыз ауданынан 22 бас, «Бақдаулет-57» ШҚ-нан 11 бас барлығы 32 бас қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойының қошқарын сатып алып, жұмыс жасауда. Сондай-ақ Аққырдағы «Нұр-Бек» ШҚ 1000 бас қой сатып алуға қажетті құжаттарын дайындауда.
  Ал Жаңадария ауылындағы «Хадиджа» және «Ханшайым» жеке кәсіпкерлері «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан 10 млн теңгеден несие алып, қазіргі кезде қорасын қойға толтыру қамына кірісті.
  Тағы бір айта кетерлігі соңғы жылдары шаруашылық басшылары мен мал иелері асыл тұқымды малды сырттан әкелуге және қолдан ұрықтандыруға ден қойып отыр. Осыған сәйкес аудан бойынша 15 қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеп отырғанын айта кеткен жөн. Онда биыл 832 бас мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылғанын ескерсек, бұл көр­сет­кіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше пайызға артқаны байқалады.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ
27 тамыз 2019 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031