» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы


Құрметті жалағаштықтар!
Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттық­таймын!
Ғасырлар тоғысында əлемдік өркениет­тің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дəуірге қадам басты. Ата заң біздің барлық жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Конституция – мызғымас мемлекеті­міздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің айнымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі. Қысқа мер­зімде Қазақстан халқы айбары асқан қуатты ұлтқа, дəулеті тасыған мемлекетке айналды. Ортақ шаңырағымыздың шека­расын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Ата заң қағидаттары төңірегіне топтасты. Еура­зияның жүрегіне орналасқан елор­дамыз əлемге руханияттың ірі орталығы, сая­саттың іргелі ордасы ретінде танылып отыр. Əрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде əлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды.
Елімізді əлемнің маңдайалды мемле­кет­терінің қатарына қосып, қарқынды да­мы­тып, Қазақстанды қарыштап өркен­дете беру – біздің қастерлі де, қасиетті боры­шы­мыз!
Қазақстан жерінде тату-тəтті ғұмыр кешіп жатқан барлық азаматтардың теңдігі – біздің Отаны­мыздың табысты дамуы мен өркендеуінің қайнар көзі.
Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, табыс жəне құт-береке ті­леймін!

Құрметпен,
аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев
30 тамыз 2019 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9594)

25 ақпан 2020 ж.

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829