» » Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы

Бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы


Кеше Қ.Қазантаев атын­дағы аудан­дық мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аудан басшысы бас­та­ған бірқатар ел ағалары, белсенді азаматтар, өңір тұрғындары қатысты.
Шарада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жұртшылықты мерекемен құттықтады.
– Ата заңымызда «Қазақстан Республикасы өзін демо­кра­тиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнық­ты­рады» деп атап көрсеткен сөздері, бүкіл әлемге танымал бол­ған тәуелсіз елдің әр азаматының жаңа өмірге деген ұмтылысын, құштар­лығын, бірлігін паш еткендей. Біздің елде адам құқықтары Конституция негізінде қорғалады. Содан да елі­міздің ертеңі бүгінімізден де айқын, жарқын көрінеді.
Еліміздің демократиялық дамуының негізі – экономикамыздың қарқынды өсуі деп түсінуіміз керек. Өйткені соңғы жылдары еліміз басқа мемле­кеттер қызығатындай жетістік­терге қол жеткізіп келеді.
Біздің ауданда да келелі істер атқа­рылды. Алдағы уақытқа жос­пар­ларымыз да аз емес. Осы жылы республикалық бюд­жеттен Жаңадария, Мақпалкөл, Аққыр, Жаңақоныс, Далдабай елді мекен­дерінің ауыз сумен жабдықтау жүйе­лерін қайта жаңғырту өтпелі жұ­мыс­­­­тарының құрылысына 906,3 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүр­гізілуде. Аудан тұрғындарының ұзақ жыл­дардан бері түйткілді мәселесіне айналған орталық аурухана құрылысы үстіміздегі жылдың мамыр айында басталды. Бүгінде толықтай іргетасы қаланып, өру жұмыстарына дайындық басталған. Құрылыс жұмыстарына 120 адам тартылған, оның 70 пайызы жергілікті тұрғындар. Аурухана 2020 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Мұның бәрі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының куәсіндей. Кон­сти­туциямыз – Қазақстан халқының са­налы таңдауы, ол кемел келешектің кепілі. Саяси тұрақтылық, қоғамдық алға басушылық, өркениетті өрелі мемле­кетіміздің құқықтық негізін қалаған Ата заң келер ұрпақтың да үмітін ақтай берсін, – деді аудан әкімі.
Шара барысында бірқатар сала мамандары аудан басшысының мере­келік «Алғыс хатымен» марапат­талды.
Салтанатты жиын аудан өнерпаз­дарының мерекелік концертіне ұласты.

«ЖЖ» ақпарат

31 тамыз 2019 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30