» » ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ЖАЛАҒАШТЫҚТАР ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Ел президенті алғашқы Жолдауын Қазақстан халқына жария еткені кеше, десе де саяси құжат қазіргі таңда көпшіліктің назарын өзіне аударып үлгерді. Жер-жерлерде Жолдауда жүктелген міндеттер насихатталып, оны жүзеге асыруды пысықтап алу жұмыстары да басталып кетті. Осыған дейін білім, медицина, спорт, кәсіпкерлік сияқты әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар салалар бойынша атқарылған серпінді жұмыстарды жоққа шығара алмаймыз. Бірақ бұл құжат бізге бұған дейінгі шаралармен тоқмейілсуге болмайтынын айқындап берді. Кешегі аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен өткен актив жиынына да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы арқау болды.
Алдымен басқосудың маңыздылығына тоқталған өңір басшысы Қайратбек Әубәкірұлы саяси құжатта жүктелген міндеттерге тоқталып, мұны жүзеге асыру қазақстандықтардың міндеті екенін жеткізді. Сондай-ақ Жолдауда қолдау тапқан бірқатар салалардың аудан әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік болатынын жеткізді. Ол осыған дейін де өңірде экономиканы тұрақты дамыту мен салық базасын нығайту мақсатында тиісті жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асқанын жеткізіп, алдағы уақытта да іскер азаматтарды қолдауға басымдық берілетінін жеткізді.
– Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының кешегі Қазақстан халқына Жолдауы біздің кедергісіз келешек құруда қандай қадаммен іс қылу қажеттігімізді айқындап берді. Әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық берген Мемлекет басшысы өңірлер экономикасын дамытудың тиімді тетіктерін саяси құжатта ашық көрсетті. Ендігі міндет – сол құжаттағы тапсырмаларды жүзеге асыру. Жалпы Жалағаш ауданында кәсіпкерлік нысандарының қатарын көбейту және ондағы өндірілетін өнім сапаларын жақсартуға бұған дейін де басымдық берілген, мұнан кейін де бұл жұмыстар жалғасын таппаса, бәсеңдемейді. Ал спорт саласы бойынша жас өрендер күнара бізді дүбірлі додалардағы жағымды жаңалықтарымен қуантып отыр. Бұл – болашақ саңлақтарымыздың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалып отырғанының жемісі. Алдағы уақытта да біз спорттық нысандардың қатарын қалыңдатып, жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасаймыз. Білім саласы бойынша да Жалағаштың көрсеткіші жаман емес. Соңғы 5-6 жылда облыс бойынша қатарынан 3 жыл көш бастап келген аудан биылғы ҰБТ-ны да жақсы нәтижемен аяқтады. Оған кешегі ҰБТ тапсырған түлектеріміздің 100 пайыз оқу орындарына түсуі дәлел болып отыр. Бұл да қолдауды ақтай білетін жастардың жігерлілігін аңғартады. Жолдауда аталған салаға серпін беретін негізгі бағыттар да назардан тыс қалған жоқ. Енді жүктелген міндеттердің маңыздылығын сезіне отырып, ауданда тиісті жұмыстарымызды атқара берсек, саладағы серпін қарқын алары сөзсіз. Біз бұл құжаттағы тапсырмаларды орындаумен шек­телмей, ондағы маңыздылықты халыққа кеңінен насихаттауды да қатар алып жүруіміз керек, – деді Қайратбек Сәрсенбаев.
Аудан әкімі саяси құжатты тарқата отырып, тиісті сала басшыларына да бірқатар тапсырма жүктеді. Мәселен, жоғарыда атап өткен спорт саласы бойынша балалардың спортпен шұғылдануына бар­лық жағдай жасалу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар білім ошақтарындағы спорт залдардың талапқа сай болуын қадағалауды аудандық білім бөлімі мен аудандық спорт бөлімінің басшысына жүктеді. Ауылдық елді мекендерге білікті кадрларды тартудың маңыздылығын айтқан өңір басшысы осы ретте «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы білім са­па­сын әлі де жақсартуға жол ашатынын ашық айтты.
Жиында мұнан бөлек кәсіпкерлік, медицина, ауыл шаруашылығы сияқты салалар бойынша да жауапты мамандарға міндеттер жүктелді. Сонымен қатар бос жұмыс орындарын құру үшін кәсіпорындар қатарын арттыруға да басымдық берілді.
Мұнан кейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова, Жастар ресурстық орталығының өкілі Нарбота Серәлі, кәсіпкерлік саласының өкілдері мен мектеп директорлары баяндама жасады. Басқосуды қорытындылаған Қайратбек Сәрсенбаев саяси құжатты насихаттау жұмыстары тек осы аудиториямен шектелмеу қажеттігін ескертті.
07 қыркүйек 2019 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30