» » Құрылыс қарқын алады

Құрылыс қарқын алады

Мемлекет тарапынан халықты баспанамен қамту мақсатында жан-жақты қолдау көрсету қолға алынып, стратегиялық бағдарламалардың негізгі тетігі халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталады. Бірінші кезекте тұрмысы төмен отбасыларды пайызы төмен тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін арнайы бағдарлама жұмысын бастады.
Тұңғыш Президент осыған дейін «Қазақстандықтардың әл-ауқа­­­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жол­дау­ында «Жайлылық дегеніміз – ең ал­дымен тұрғын үйдің қолже­тім­ділігі, ауланың әдемілігі мен қауіпсіздігі, тіршілікке және жұмыс істеуге қолай­лы елді мекеннің, сапалы инфра­құрылымның болуы» деп, тұр­ғын үй құрылысына серпін беріп отыр­ған мемлекеттік бағдар­лама­лар­ды дамытуды айтқан еді.
Қуантарлығы, елімізде халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде құрылыс саласы қарқынды даму үстінде. Салаға серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағ­дар­ла­ма­сы аясында да қаншама қазақ­стан­дық баспаналы болуда. Бұл бағдарламаның бір ерекшелігі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде тиімді жақтарын барынша арттырған. Бұдан бөлек, өздеріңізге бел­гілі, жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағ­дарламасы іске қосылды. Атал­ған бағдарламаның бұрынғы жобалардан тиімділігі көп. Жылдағы пайыздың мөлшерлемесі 7 пайызды құраса, бастапқы жарна – 20 пайыз. Несиені 25 жылға дейін ұзартуға да болады. Бұл бағдарлама аясында жүйелі жұмыстар атқарылып, жал­дамалы тұрғын үйге қол жет­кіз­ген­дер саны артуда.
Біздің ауданда да жеке тұрғын үй салушылар қатары жыл сайын артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 6,7 па­йыз­ға дейін артқан. Жеке сектор есе­бінен 39 тұрғын үй салынып, ел игілігін көруде. Ал құрылыс жұ­мыс­­­тарының көлемі 291 млн тең­гені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,4 пайызды құрады. Сонымен қа­тар Жалағаш кентінің «Дәуімбай» учас­кесінде салынатын 3 бөлмелі 30 тұрғын үй құрылысы жобасын қаржыландыруға тиісті құжаттар тапсырылды.

Аудандағы ілкімді істер мұнымен тоқталмақ емес. Алдағы бір-екі жылдың көлемінде игілікке берілетін жобалар жоспарланып отыр. Кенттегі қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын салу қолға алынды. Оған жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер – «Проект Сервис» ЖШС. Бұдан бөлек қазіргі білім бөлімінің ғимараты бұзылып, орнына 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі салынбақ. Жобаның құрылысына қажетті қаржыға сметалық құжаттар дайындалып, облыстық бюджетке жолданды. Ендігі жылы кенттің шетіне бассейн салынбақ. Бұл үшін жоба-сметалық құжаттары әзір­ле­нуде.
Аталған бағдарламалардың қа­зақ­стандықтар үшін тиімді тұстары көп. Баспанасыз жүргендердің бағы ашылып, жайлы қоныс тауып жатса құба-құп. Онда мемлекет ұсынған жеңілдік шынымен де халық үшін қайырлы болғаны.
07 қыркүйек 2019 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30