» » МАҚСАТ – ОТБАСЫН САҚТАП ҚАЛУ

МАҚСАТ – ОТБАСЫН САҚТАП ҚАЛУ

Жалағаш аудандық сотында «Сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараға аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, аудан прокурорының көмекшісі Ж.Кудебаев, аудандық білім бөлімінің маманы Е.Қайнарбаев, билер кеңесінің мүшесі А.Тоғысова, аудандық полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі инспекторы Ұ.Ахметова, медиаторлар М.Хайдаров пен Ж.Ибраев қатысты.
Семинарды ашқан А.Мизанбаев отбасылық, әлеуметтік және діни жанжалдарға қатысты бірқатар мәселені ортаға салды.
– Біз көбіне сотқа арызын алып келген жас жұбайларды райынан қайтаруға тырысамыз. Мақсат – отбасын сақтап қалу. Егер, алған бетінен қайтпаса, әрине арызы тіркеледі, заң аясында некесі бұзылады. Мұнан бөлек, басқа да отбасылық даулар бойынша талап-арыз саны көбейді. Адам басына шаққанда әрбір бесінші азаматтың дауға тартылып, соттасып жүруі неліктен? Қазақ халқы ежелден сөзге тоқтап, сөз қадірін білген халық емес пе? «Балалығың он бестегі шешеңнен, даналығың алпыстағы әкеңнен» деп Қадыр ақын айтқандай, аңғалдығы мен адалдығын жоғалтпаған, дана халықпыз. Сондықтан осындай қасиеттерді сақтағанымыз жөн, – деді сот төрағасы.
Жиында билер кеңесінің мүшесі А.Тоғысова кеңес құрамымен таныстырып, кеңес мүшелері ата-баба салтымен араздасқан ағайындарды ымыраға келтіріп, ауызбірлігін сақтауға күш салатынын жеткізді.
Басқосуға қатысушылар тақырып төңірегінде өз ойларын айтып, сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

Н.ЖАНҰЛЫ

07 қыркүйек 2019 ж. 13 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30