» » Ғарышқа саяхаттаған робот Федор оралды

Ғарышқа саяхаттаған робот Федор оралды

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған робот «Федор» орбитада 12 күн жұмыс істеп, аман-есен Жерге оралды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бортында робот Федор Skybot F-850 бар «Союз МС-14» ғарыш кемесінің аппараты Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтықта Нұр-Сұлтан уақытымен 03 сағат 32 минутта қонды.
Роскосмос баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Союз МС-14» ғарыш кемесінің жерге қонуы және орбитадағы жұмысы бойынша барлық операция штаттық режімде өткен.  
Еске салайық, «Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың 22 тамызында ұшырылды. Алайда, ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) белгіленген уақытта түйісе алмады.  Бұдан бұрын «Союз-2.1а» зымыраны орбитаға тек «Прогресс» жүк кемелері мен түрлі бағыттағы ғарыш құрылғыларын шығарып отырды. 25 қыркүйекке жоспарланған ұшырылымнан кейін «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын «Союз-ФГ» кемесіне ауыстырады.
08 қыркүйек 2019 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30