» » Білікті маманның бәсі биік

Білікті маманның бәсі биік


Бұл күндері ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдаланып қалуға тырысқан еңбеккерлер ала жаздай күтіп-баптаған егінді ысырапсыз жиып алу қамына кірісті. Диқан қауымының бірлігі мен тынымсыз тірлігінің арқасында «Сәрке батыр» ЖШС-ның күріші биыл да бітік шықты.
Баптай білсең, жер жомарт. Жер-Ананы күтіп-баптап, тер төксең, өнімді де төгіп береді. Серіктестік төрағасы Қанат Демесіновтің айтуынша, биыл шаруашылық 1450 гектар жерге күріш, 825 гектар жерге ескі және жаңа жоңышқа екті. Мұнда барлығы 150-ге жуық адам еңбек етеді. Егін жинау науқанына су жаңа жатка, комбайндары мен астық тасымалдайтын техникалар тартылып, қырман басындағылар екі ауысым бойынша жұмыс жасап келеді.
Биылғы күріштің шығымы жаман емес. Шаруашылық тізгінін қолға алған Қанат Демесінов – кезінде Сыр салысын жинауда рекордтық өнім берген еңбек озаты. Биыл да қырман басындағылар мол өнімге қол жеткізуге талпынып отыр.
– Егін бітік шықса, ол – ел несібесі. Қазіргі таңда күріш алқабында жұмыс қыза түсті. Диқан қауымы да аянбай еңбек етуде. Бізде негізі үш бригада бар. Оларға Пернебай Қарамендиев, Сайлау Аманжолов, Еркебұлан Кенжебеков жетекшілік етеді. Күріштің шығымы жаман емес. Бұйырса, биыл жылдағыдан мол өнім алуды көзеп отырмыз, – дейді серіктестік басшысы.
Егістіктегілер күзгі жиын-терім науқанын қазан айының алғашқы күндері толық аяқтауды межелеп отыр. Бір қуанарлығы биыл атыздағы күріштің әр сабағы алтын дәнді көтере алмай төгіліп тұр. Ендігі мақсат – Жер Ананың ризық-несібесін шашпай-төкпей жиып алу.
Айта кеткен жөн, “Сәрке батыр” атындағы серіктестікке 2010 жылдан бастап «Ақорда» ЖШС инвестор болып келеді. Содан бері шаруашылықтың материалдық-техникалық базасы жаңарып, жұмысшылардың да еңбек ақысы өсті. Ақсу ауылын көркейту-көгалдандыру бағытында жуырда мешіт жанынан асхана ашып, ел игілігіне берді. «Ақорда» ЖШС директорының орынбасары Жамбыл Шожанбаевтың сөзінше алдағы уақытта да мұндай игілікті жұмыстар жалғасын таппақ.
Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ

10 қыркүйек 2019 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30