» » АУДАН ӘКІМІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Саналы ғұмырларында тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан ардагерлеріміздің төл мерекесіне арналған мерекелік салтанатты жиын бүгін аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде өтті.
Салтанатты жиынды аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ашып, барша Жалағаш ауданының қазыналы қарттарын төл мерекелерімен құттықтады:

- Ауданымызда қазіргі таңда 4000-ға жуық ардагер бар. Олар 79 бастауыш ұйымдарында есепте тұрады. Оны 11 адамнан құралған аудандық ардагерлер кеңесі басқарады. 1500-ге жуық батыр аналарымыз бар. Бұл біздің ауданымыздағы үлкен мәдени-рухани әлеуетіміз, - деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Шарада ауданымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосқан бірқатар ардагерлерге аудан әкімінің құттықтауы, Алғыс хаты табысталды.
Келесі құттықтау сөзді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев алып, қазыналы қарияларымызға облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын табыстады.
Жиын соңы қарттар күні мерекесіне орай өткізілген аудандық ардагерлердің ән байқауында өзіндік өнерімен ерекше көзге түсіп, оза шапқан үздіктердің, ардақты ардагер ата-әжелеріміздің концерттік бағдарламасына ұласты.
02 қазан 2019 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930