» » САУАПТЫ ІС ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

САУАПТЫ ІС ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ


Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адами құндылықтардың қадірлісі. Қамқорлық жасау, өзінде барды өзгемен бөлісу жомарттық. «Оң қолың жасаған жақсылықты сол қолың көрмесін» деген. Ислам діні де біреуге жақсылық жасауды адами болмыстың ең биігі санайды. Әлемдегі барлық жаратылыс адамзаттың игілігіне берілгенімен, бүкіл жаратылыстың иесі Алла. Ол біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін де ескертеді.Бала кезімізде үлкен кісілерден «Малым – жанымсың садақасы, жаным – арымның садақасы» дегенді жиі еститінбіз. Балалықпен «садақа» деген сөздің түп-төркінін түсінуге тырыспайтынбыз. Бірақ, бұл сөздің мәні де мағынасы да тереңде екен. Бөтен мақсат көздемей, тек шын жүректен жасалған әрбір іс – сауап, садақа. Қоғамда біреуге көмек қолын созып, өзінен артылғанды бөлісуге дайын тұратындар баршылық. Ондай жандар өз қаржысына мешіт салып, мұқтаж жандарға пәтер, көлік сыйлап жатады. Ал, кейбірі жетімдерге, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасап, мектеп жасындағы балаларын оқу құралдарымен, формаларымен қамтамасыз етеді. Ретін тапса, сауапты істің түрі көп.Осындай сауапты іс аудан орталығындағы «Иманқұл» мешітінде жиі ұйымдастырылады. Апта басында қарттар мерекесі аясында қайырымдылық шарасына қатысып, игі істің куәсі болдық. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы қайырымдылық зекет корпоративтік қорының облыс бойынша өкілі Оңталап Жидебаевтың қатысуымен жиырмаға жуық көпбалалы анаға көмек берілді. Сонымен бірге екі алтын құрсақты анаға сый-сияпат көрсетілді. Алла үйінде бас қосқан жамағатқа облыстан келген мейман мен «Иманқұл» мешітінің бас имамы Айбек Мәдиев уағыз-насихатын айтып, ақжаулықты аналарға алғысын білдірді. Мереке аясындағы шара кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Көштаев пен ардагер Байна Наршаевтың шаңырағында жалғасын тапты. Қарттар күні мерекесімен құттықтаған қайырымдылық зекет корпоративтік қорының облыс бойынша өкілі Оңталап Жидебаев, аудандық «Иманқұл» мешітінің бас имамы Айбек Мәдиев қос ардагерге шапан жауып, сый-сияпатын табыстап, құрмет көрсетті. Ақсақалдар ақ батасын беріп, елдің амандығын, тәуелсіздіктің тұғырлы болуын тіледі.
Қасиетті  Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр-садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін жақсы болады. Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздікке ұшырамайсыңдар деген. Кез келген адам үшін бұл өмір сынақ. Осы дүниедегі жасаған жақсы амалдары, не болмаса қылған қиянаты таразыға тартылып, әділдік орнайды. Әр жанның ойында үйінен шығарда бүгін тым болмаса бір адамға жақсылық жасаймын, жанына жылу сыйлайтын мейірім төгемін деген мақсаты болса екен. 
Біле білсеңіз, игі іс жасау деген міндетті түрде біреуге дүниеңнің жартысын бөліп беру деген түсінік емес. Түсінгенге, сауапты іс бұл – үлкен жүректен шығатын кішкене ғана іс-әрекет. Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады. 

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ
03 қазан 2019 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031