» » Табиғат тамырдан түлейді

Табиғат тамырдан түлейді


Еліміздің барлық аймағында қолға алынған «Экосағат» акциясы кент орталығындағы №246 орта мектепте жалғасын тапты. Шараға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева, орман және жануарларды қорғау меке­месі басшысының орынбасары Ғанибек Жәнібеков, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Алдымен мектеп оқушылары табиғатты аялауға үндейтін флешмоб ұйымдастырып, өз қолдарымен дайындаған экологиялық аймақтарды ретке келтіруге арналған инновациялық технологиялардың макеттерін таныстырды. Мұнан кейін аудан басшысы «Табиғат адамзатқа аманат» тақырыбында өткен ашық сабаққа қатысып, балаларды туған жерін сүюге, оның әсем табиғатын аялап, көркейтуге шақырды.
Экосағат барысында әр оқушы өзінің табиғатқа, қоршаған ортаға, аңдар мен құстарға қатысты ойларын ортаға салды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтардың зияны жөнінде ой-пікірлерін жеткізді.
Акция соңында аудан әкімі мектеп оқушыларымен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысты. Осылайша экосағат өскелең ұрпақты табиғатты аялауға үйретіп қана қоймай, жастарды еңбекке баулуға шақырды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ

05 қазан 2019 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031