» » Қызылордалық кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

Қызылордалық кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана сыйлады



Қала күні аясында Қызылордада ұйымдастырылған «YOUTH FORMULA» - жастық шақтың формуласын сезін!» мерекелік шарасы барысында «Абзал және К» толық серіктестігінің бас директоры Мағжан Ералиев көпбалалы отбасыға пәтер кілтін табыстады. 

Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қайырымдылық шараларына әрдайым үлес қосып жүрген компания қалалық әкімдік және "Атамекен" ҰКП бастамасымен қолға алынған «Менің атамекенім» әлеуметтік жобасы аясында үш бөлмелі пәтер кілтін Кенжебековтер отбасына табыстады. Өз кезегінде жаңа қоныс иелері кәсіпкерге алғыс білдірді.

Жас маман Нұрболат жұбайы Ботагөзбен бірге екі ұл және Хадиша, Райяна, Айша есімді үшем тәрбиелеп отыр. Олар бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.

baq.kz
08 қазан 2019 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031