» » Геннадий Головкиннің құрметіне Даңқ жұлдызы ашылды

Геннадий Головкиннің құрметіне Даңқ жұлдызы ашылды

Қарағандыдағы триатлон-паркте Нью-Йоркте Сергей Деревянченконы жеңген Геннадий Головкиннің құрметіне даңқ жұлдызы пайда болды, деп жазады Prosports.kz.

Мұны Instagram желісіндегі Patriotkaragandy парақшасы жария етті. Даңқ жұлдызын жеңіл атлетика шебері Дмитрий Карпов пен құрылыс компаниясының басқарма басшысы Айдос Мұқатаев ашты.

«Осы жексенбіде отандасымыз және жерлесіміз GGG теледидар алдына күллі қазақстандықтарды тағы жинап, жүрегімізді тебірентті. Қазақстан халқы тағы да жеңіс тойын тойлады. Гена  IBF және IBO тұжырымдарының белбеулерін қайтарып алды. Дәл бүгін триатлон-паркте біздің құрылыс компаниямыздың басқарма басшысы Айдос Мұқатаев пен Олимпиада жүлдегері Дмитрий Карпов Геннадий Головкин атындағы алғашқы Даңқ жұлдызын ашты», - деп жазды құрылыс компаниясы.

Фото: дереккөз





08 қазан 2019 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930