» » Өркениет көшінен қалмау – жаһан жұртына ортақ міндет

Өркениет көшінен қалмау – жаһан жұртына ортақ міндет

Осы аптада ел астанасындағы “Тәуелсіздік сарайында” UNWTO-ның «Ақылды қалалар – ақылды дестинациялар» атты VIII жаһандық саммит өтті. Қалалық басқарудың тиімділігін арттыруға арналған саммитке 700-ден аса маман қатысты. Үш күнге созылған халықаралық жиында шетелдік кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері өз ойларын ортаға салды.
Нұр-Сұлтан – мемлекеттік деңгейдегі шара­ларды өткізетін, халықаралық жиындарды қа­был­дайтын басты қаламыз. Көркемдігімен, күн санап құлпырып келе жатқан әсемдігімен әлем назарын өзіне аудара білген елорда – стратегиялардың жүзеге асатын, мемлекеттің қаншалықты дамығандығынан көрініс беретін бірден-бір орын. Сондай-ақ елорда «ақылды» қаланың алғашқы технологияларын сәтімен қолданысқа енгізген шаһар ретінде де жаһанға белгілі. Сол себепті де “ақылды” техноло­гияларға негізделген халықаралық шара басқа емес, дәл осы осы Алаштың астанасында өтіп отыр. Бұл жиында қалалық басқарудың орнықтылығы, қолжетімділігі, инновациялар мен технологиялар секілді жалпыға ортақ мәселелер негізге алын­ды.
Жастардың арман қуған мекеніне айналған бұл қала күн санап көркейіп, өзінің жаңа тұрғындарымен толығуда. Еліміздің көптеген шаралары бас қалада өтеді. Мемлекеттің айбарын көрсететін Қарулы күштердің салта­натты әскери парады, күллі қазақ балуан­дарының ішінен кім мықтыны анықтайтын «Қазақстан барысы» турнирі де осында өтеді. Ар­қаның төсінен бой көтерген әсем қала әлемдік деңгейдегі келісім-шарттар мекеніне айналды. ЕЫҚҰ саммиті, Азиада, түрлі дін өкілдерінің бір жерде бас қосуы секілді шаралар Қазақстанның бейбітшілік пен татулықты ту еткен мемлекет екенін күллі әлемге айғақтады.
Жалпы Қазақ елінің астанасын адамзатты бірлікке ұйыстыратын шаралардың ордасына айналды десек те болады. Бұған елордада өткен саммитке келген жұрттың көзі жетті. Әлеуметтік желілер арқылы “ақылды” технологияларға негіз­делген саммитке қатысқан қонақтар Нұр-Сұлтандай әсем қалаға таңдана қарағанын байқадық.
Шарада шетелдік қонақтар туристік саланы дамытудың озық тәжірибесімен бөлісті. Ше­тел­діктерге қазақ халқының бай тарихы мен озық мәдениеті және салт-дәстүрі таныстырылды. Бір сөзбен айтқанда, бұл саммит елімізді тағы бір мәрте әлемге танытуға тамаша мүмкіндік жасады.

Азиз БАТЫРБЕКОВ

12 қазан 2019 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031