» » ЕҢБЕК ЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ

ЕҢБЕК ЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ


Тамыры терең, тарихы кенен құтты мекен – Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейлі мерейтойы тағзым алаңында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің кеуде мүсіндерінің ашылу рәсімінен бастау алды.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов бастаған бірқатар ел ағалары, аудан басшылығы, ардагерлер қауымы, республиканың түкпір-түкпірінде қызметте жүрген жерлестеріміз, қадірменді қонақтар және аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында Социалистік Еңбек Ерлері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің өміржолынан, халыққа қалтқысыз қызметтерінен бүгінгіге үлгі боларлықтай естеліктер айтылып, өнерпаздар жырдан шашу шашты. Шара соңында кеуде мүсіндерінің алдына гүл шоқтары қойылды.
Айта кету керек, ауданның мерейтойы аясында орталық стадионда "Алтын дән–2019" ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттарын, "Жалағаш ауданының құрметті азаматтарын" құттықтау, марапаттау, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде "Тарихы терең, еңбегі ерен – Жалағаш", "Жалағаш көшелері" атты кітаптардың және "Жалағаш жауһарлары" атты ауданның музыкалық мұрасы жинағының тұсаукесері, республикалық ақындар айтысы, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала концерт, мерекелік отшашу ұйымдастырылады. 
23 қазан 2019 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 52

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930