» » Есенкелді Сәпи – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Есенкелді Сәпи – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньянда ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде.

Дүбірлі бəсекеде жерлесіміз Есенкелді Сəпи жасөспірімдер арасында күміс жүлдені иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальды салды.
Ол 81келі салмақта өнер көрсетіп, жұлқа көтеруде 125, серпе көтеруде 165 келіні еңсеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 290 келіні көтерді.

Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж оқушысы Есенкелді Сəпиді жарысқа Арман Абдраев дайындады.
Сондай-ақ, ертең Сыр спортшылары Айсамал Сансызбаева 81 келі салмақта, 26 қазан күні Рахат Бекболат 96 келі салмақта бақ сынасады.
25 қазан 2019 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930