» » 72 ақбөкенді атып өлтіріп, артынша із суытқан: Еліміздің барлық облыстарында аңшыларды іздестірілу жүргізілуде

72 ақбөкенді атып өлтіріп, артынша із суытқан: Еліміздің барлық облыстарында аңшыларды іздестірілу жүргізілуде

Қазақстанда барлық облысында құнды мүйіздері үшін 72 ақбөкен өлтірген браконьерлерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 26 қазан күні Қарағанды облысының Нұр ауданының арнайы жасағы алдымен 30, одан кейін 42 өлі жануарлардың денесін тапқан. Артынша олар сайғақтарды атқан адамдар мінген екі бірдей джип көліктерін байқап қалған екен. Алайда, сирек жануарларды заңсыз қырған аңшылар оқиға орнынан із суытып үлгерген деп хабарлайды,  zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

«Олар сайғақтарды көлікке отырып алып аңдып, артарынан қуып атып өлтіріп отырған. Сайғақтардың жан-жаққа қаша жөнелетіндіктен аңшлылық алаңы бірнеше шақырымға созлып кетуі мүмкін. Браконьерлерге олардың құнды мүйіздері ғана керек, себебі сайғақтың өзін тұтас тасымалдау, шекарадан өткізу біраз  оларды әбігерге салады»- деді Қарағанды облысының орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжанов.
Ақбөкендердің мүйізі медицина үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде үлкен сұранысқа ие. Оның бағасы қар нарықта  шамамен 4-10 мың АҚШ долларын құрайды. Оңай олжаға көз тіккен аңшылар артық жүкті арқаламау үшін сайғақтардың денесін лақтырып кеткен. Қорғалжын қорығының инспекторлары өлі 67 ересек сайғақ пен жас 5 сайғақтың тушасын тауыпты. Айтуларынша браконьерлердің көлігі Қостанай облысына қарай бет ауған. Ескере кетейік, осы уақытқа дейін Қарағанды қаласының өзінде сайғақтарды заңсыз ату туралы 8 қылмыстық іс қозғалған.
31 қазан 2019 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930