» » Болашаққа бағытталған бағдар

Болашаққа бағытталған бағдар

Ұлттық жаңғыру – ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Халықтың үні саналатын тіл мен әдеби қордың тазарып, жаңа әліпби арқылы әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін бойлау және ең бастысы, ұлттық болмысымызды айқындайтын салт-дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды қайта жаңғырту бүгінгі күннің мақсаты. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.
«Тәрбие – тал бесіктен». Баланың рухты болмағы өскен ортасына, яғни отбасында алған тәрбие-тәлімімен тікелей байланысты. Өйткені қазіргі жаһандану дәуірінде өз та­рихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне же­те­тін халық қана өсіп-өркен­дей алатыны хақ. Бұл туралы аптаның бейсенбісінде аудандық “Мәдениет және өнерді дамыту” орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аналар кеңе­сі мүшелерімен өткен семинар-тренингте «Отбасы құндылықтары мен ұлт тәрбиесі» тақырыбында сөз қозғаған облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқыту орта­лығы» КММ директоры, облыстық ана­лар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева кеңінен тарқатты. «Тарихтан бел­гілі жайт­тар­дың барлығы қазақ қоғамында әйел затының орны ерекше болғандығын бай­қа­тады. Қазіргі қазақ әйелі – қоғам мен мемле­­кеттің көркі. Әйелдер елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси өзгерістерге, халықаралық-дипломатиялық жұмыстарға, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отыр. Олар бар күш-жігерлерін жұмсап, ерлермен бірге әр салада еңбек етіп, ел болашағының жарқын болуы жолында тер төгіп жүр. Сонымен қатар «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» қазақ әйелдері отбасы ошақ қасындағы өз міндетін ұмытқан емес. Олар шаңырақтағы ынтымақты, береке мен бірлікті сақтай отырып, отбасы құндылықтарын насихаттап, оны дамытуды мақсат тұтты. «Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш». «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда». «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын». Осы сөздердің төркінінде терең мән жатыр. Бүгінгі жас келіндер, қыз балаларға да осы бір-екі ауыз сөзбен-ақ үлкен жауапкершіліктің тұрғанын жеткізгім келеді», – деді Нұрсәуле Дүйсембайқызы. Ал «Қоғамдағы ананың рөлін» тілге тиек еткен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Рахима Ахметова өңірдегі көпбалалы және аз қам­тылған отбасыларға жасалып жатқан мемле­кеттік көмек, жұмыспен қамту мәселесі, масылдық түсініктен арылу туралы ой бөлісті. Рахима Қаржаубайқызы сөз басында көпбалалы аналарға көрсетіліп жатқан көмек пен қолдаулардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен бірге шаңырақтың беріктігі, отбасындағы ынтымақ, бардың бағасын білу, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу, бәрі ардақты аналардың, ибалы келіндердің бойындағы асыл қасиеттермен астасып жатқанын алға тартты. Ең бірінші шаңырақтың шайқалмауына әйелдердің күш салуы керектігін жеткізді. Соң­ғы жылдардағы статистикалық мәліметтер бойынша әрбір үш некенің соңы ажырасумен аяқталып жатқанын айтқан Рахима апамыз бұл – ұлтымыз үшін үлкен қасірет екенін жет­кізді.
Дәл осы күні Қазақстан халқы Ассам­блеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында аудан тұрғындары мен тіл мамандарына арналған семинар ұйымдас­тырылды. Онда Қорқыт ата атындағы ҚМУ “Философия және мәдениеттану” кафедра­сы­ның аға оқытушысы, дінтану магистрі Әлібек Жаппасбаев «Қазақ халқының салт-дәстүрі мен наным-сенімдері» тақырыбын сөз етті. Әлібек Бақытжанұлының әңгімесі қазақ халқының рухани құндылықтары, салт-дәстүрлері, олардың қалыптасу тарихы мен қоғамдық қатынастардағы рөлі, ұл бала тәрбиесі мен жауапкершілігі турасында өрбіді. Ал Қорқыт ата атындағы ҚМУ “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов «Латын графикасына көшу – заман талабы» тақы­рыбында сөз қозғап, бірқатар кем­шіліктерді атап өтті.
Аман Мәделханұлының айтуынша, жаңа әліпбидегі таңбалардың таңбала­нуын­­да бірнеше олқылық бар, тиісінше олар емле-ереженің сауатты жасалуына ке­дер­гі келтіріп отыр. Мәселен, әліпбидегі “и, й, і”­­ таңбаларының үлкен әріптерінің таң­­­­ба­­ла­нуы бірдей. Сондай-ақ мұнда төл ды­быс­тарымыз “ұ, ү”-нің таңбалануында қате­ліктер кездеседі. Емледегі ең про­бле­малық таңба “ш” яғни латын қарпіндегі “sh” берілуі. Тіл маманының айтуына қарағанда емледегі мұндай қателіктер әлі де түзетілуі керек.
«COWORKING» орталығында аудан жас­­­­­­­­тарының қатысуымен өткен семинар-тре­­­нингте де жастар үшін пайдалы дүниелер ай­тылды. Семинар барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық ке­лісім» КММ қызметкері Қанат Ботжанов өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының жү­зеге асырылу барысы туралы айтты. Сонымен қатар NEET санатындағы жас­тармен жұмыс жасау, оларды жұмыспен қамту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағы­тында сөз қозғады. Сонан соң тре­нер, жастармен жұмыс жасау жөніндегі маман Медет Жорабек «Тиімді команда құру» тренингін өткізді. Бұл тренинг ынты­мақтастық атмосферасын құруға, өзара түсіністік пен әр жасты топ ресурсы ре­тінде қабылдауға, стандартты және сыни жағдайларда мінез-құлықтың жалпы стра­­тегияларын жасауға бағытталды. Осы­дан-ақ тренингтің жаңа топ мүшелерін бейім­деу және ынталандыру, команданың дамуына серпін беруде пайдалы тұстары көп екенін байқауға болады. Ал «World сafe» тренингі барысында жастарға нақты мәселелер туралы сөйлесудің техно­ло­гия­сы мен өнері, пікірталас про­цесіне қаты­сушылардың ұжымдық интел­лектісін тар­туға мүмкіндік берілді. Бұл тренингке бар­лығы жиырма ауыл жасы қатысты. Олар қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тұл­ғааралық кедергілерді жеңу, қолайлы психологиялық климатты құру, командалық рухты дамыту мен нығайтуға арналған жаттығуларды жасады.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

02 қараша 2019 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 215

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930