» » Субұрқақтан естілген әуен

Субұрқақтан естілген әуен

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі өнертапқыштар өздерінің озық идеяларын іске асырып, жер-жаһанды таңқалдыруда. Олардың ішінде қалаға сән беріп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын субұрқақтардың орны ерекше. Әлемге әйгілі Дубайдағы «әрі әнші, әрі биші субұрқақ» пен Лас-Вегастағы «Ғажайып әнші» субұрқағында таң азанымен қазақтың күйлері ойнайды екен. Дереккөздердегі осы мәлімет бізді қызықтырғаны рас. бұл субұрқақтарда қазақтың қай күйі орындалады екен деген қызығушылықпен ғаламторды шолып шықтым.
Дубайдағы субұрқақ ән айтады, би билейді. Ол әлемдегі ең үлкен әрі ең әдемі субұрқақ. Бұл ғажайып туынды қала көшелеріне орнатылғалы әлем елдерінен миллиондаған туристер келе бастады. Субұрқақ түрлі қимылдарды жасай отырып, суды 150 метр биіктікке дейін көтереді. 6600 түсті индикатордың және түрлі-түсті 50 прожектордың көмегімен мыңдаған көріністі көрсетеді. Естуімізше, субұрқақта «Адай» күйі ойнатылады екен. Ал Лас-Вегастағы «Ғажайып әнші» субұрқағында күнде таңертең қазақтың «Ерке сылқым» күйі төгіледі екен. Ол бесжұлдызды «Bellagio» қонақ үйін жағалай ағатын 400 метрлік жасанды өзенде орналасқан. Субұрқақ 80 метр биіктікке көтерілетін 1175 су сорғалағыштан, 4500 шамнан және Павароттидің, Андреа Бочеллидің, Фрэнк Синатрдың әндері есті­летін көптеген құрылғылардан тұрады. Бұл субұрқақтың біздің назарымызды аударғаны да осы қазақ күйінің орындалуы болып отыр. Сонау АҚШ-тың төрінде қазақтың қара домбырасынан күмбірлеп күй төгіліп, осы күйдің ырғағына қарай биші субұрқақ ға­жайып көріністерді қала халқының назарына ұсынып жатса неге қуанбасқа?! Қазақтың ұлттық аспабының шанағынан төгілген күй қашанда тыңдаған адамның жанын баурайды, жүрегін тербетеді. Халқымыздың рухани қазы­насына айналған құдіретті күйлері жауһарлары ғасырдан-ғасырға жалғаса беретін ұлттық құндылығымыз екені анық. Осы жерде субұрқақта ойналатын әуендер қатарынан қазақ күйінің табылуы да шетелдік өнертапқыштардың дала әуеніне деген қызығушылығын байқауға болады. Осы тұста бәріміздің көкейімізде неге «Ерке сылқым күйі ойнатылады?» деген сұрақ тұруы әбден мүмкін. Біз де осы сұраққа жауап іздеу үшін күй­дің тарихына үңілдік.
Көпшілікке танымал «Ерке сылқым» күйінің авторы, қазақ халқының күйші, композиторы Әбдімомын Желдібаев. Ол кісі күй тақырыбын қыз бен жігіттің шынайы сүйіспеншілік махаббатына арнаған. Кезінде «Ерке сылқым» күйінің шығу тарихын еске алған күйші Әбдімомынның: «....Мен шын махаббатты домбыраның жүрек қылын шертетін әуенімен ғана жеткізуге болатынын сездім. Қазақтың қыздары қандай әдемі. Жүрісі, тұрысы, қылықтары қандай. Еркеліктері де өздеріне жарасады. Бұл күй барша қазақ қыздары образдарының жиынтығы. Мен соларды жеткізуге тырыстым», – деген сөзі бар. Ендеше сұлулықты, сүйіспеншілікті бейнелейтін «Ерке сылқымның» билеу арқылы ғажайып көріністерді көрсететін субұрқақта ойнатылуы да заңдылық болар.
Жоғарыдағы Дубайда орналасқан «Әрі әнші, әрі биші субұрқақ» пен Лас-Вегастағы «Ғажайып әнші» субарқағындағыдай қазақ күйі орындалмаса да, әлемге танымал субұрқақтардың қатарында Барселонадағы «Сиқырлы субұрқақ» та бар. Ол атақты каталондық инженер Карлос Буигастың тамаша туындысы екен. Қарап тұрсаңыз «Cиқырлы фонтан» көз алдыңызда мың бұралған бишілерді елестетеді. Бір ерекшелігі көрсетілімде ешбір қимыл, ешбір түс, ешбір пішін қайталанбайды.

Нұр НАУАН


02 қараша 2019 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 215

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930