» » "Охотзоопром" қызметкерлерінің өздері браконьер болып шықты.

"Охотзоопром" қызметкерлерінің өздері браконьер болып шықты.

Осы қылмыстан мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 435 млн-нан астам теңгені құрады.

"Охотзоопром" қызметкерлерінің браконьерлікке қатысы бар. Полицейлер браконьерлер тобының қорықтағы 154 бас ақбөкенді ату әрекетіне қатысы барын дәлелдеді, деп жазады Zakon.kz. Қылмыс осы жылдың наурызында тіркелген болатын. "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" РМҚК директорының полицияға хабарлағанындай, 17 наурызда қорық аумағының ішінде атып өлтірілген және мүйіздері кесілген 154 ақбөкен денесі табылды. Осы қылмыстан мемлекетке келтірілген шығын 1 млрд 435 млн-нан астам теңгені құрады. Ақбөкендерді ату фактісі тіркелді және ҚР ҚК-нің 337-бабының 5-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалды Қылмысқа сирек кездесетін және жойылу алдында тұрған аң түрлері мен ақбөкендерді қорғауға міндетті "Охотзоопром" РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлерінің қатысы бары анықталды. Тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері кедергісіз атуды ұйымдастырған және олардың екі танысы ақбөкендерді атқаны анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары өлтірілген жануарлардың мүйіздерін сатып алған адамды анықтады, ол Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оның гаражынан Рессей Федерациясы аумағына контрбандалық жолмен тасымалдау және одан әрі ҚХР-на сату үшін дайындалған, арамен кесіп алынған ақбөкендердің мүйіздері табылып, алынды. Браконьерлерге ҚР ҚК-нің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша кінә тағылды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.


ERNUR.KZ
05 қараша 2019 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 237

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930