» » Мәжілісте жастарға күн көрсетпейтін министрлікке шағым түсті

Мәжілісте жастарға күн көрсетпейтін министрлікке шағым түсті

Балиева ханым министрліктің атын атағысы келмейтінін айтты.

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісі қабырғасына келіп есеп берген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтан депутаттың бірі жастарға қысастық көрсететін бір министрлік жайында сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
Депутат Зағипа Балиева министрліктердің бірінде жастарға күн көрсетпей, жұмыстан кетуіне итермелейтін бізде бір министрлік барын айтып, министрге шағымданды. Бірақ Балиева ханым "кәрі-құртаңның" ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған министрліктің атын атағысы келмейтінін айтты.
"Бұл факті бойынша анық-қанығына көзімді бір жеткізіп алайық, егер осы нәрсе шын болып жатса, онда міндетті түрде Сізге жауабын беремін", - деді министр.
Айта кетсек, осы жиында кез келген жұмыс істейтін жастар арзан жалдамалы пәтерге ие бола алады деген сөз де өтірік екені анықталды. Депутат Құралай Қаракен 40 АЕК көлемінде, яғни 110 мың теңгеден аса табысы жоқ жұмыс істейтін жас үшін бұл үй қолжетімсіз екенін ашып айтты. Өз кезегінде министр бұл талап етілген мөлшерді еліміздегі ең төменгі жалақы деңгейіне дейін төмендетуге әзір екендерін, оған уақыт беруді сұрап, ақталған еді.
05 қараша 2019 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 22

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930