» » Ел құрметіне бөленген Батырхан

Ел құрметіне бөленген Батырхан

Кент тұрғыны Батырхан Сүлейменов істен шыққан тоңазытқыштар мен мұздатқыштарды қайта қалыпқа келтірудің шебері. Кеше іскер азаматтың шеберханасына барып, көптің қолынан келе бермейтін ерекше кәсібінің қыр-сырын біліп қайттық.
Іскер азаматтың ауласында орналасқан шеберханасына бара қалсаңыз өзіңізді құдды бір тұрмыстық техника дүкеніне кіркендей сезінесіз. Жағалай тізілген тоңазытқыштардың бәрі бір көргенде су жаңа секілді. Алайда оның көбі істен шыққан. Іскер азамат бұл техникалардың ақауын анықтап, қайта қалпына келтірумен айналысады. Бұл кәсіптің бір ерекшелігі, ол экономикалық жа­ғынан да, экологиялық тұрғыдан да тиімді. Өйт­кені тұрғындар тұрмыстық техникаларын поли­гонға тастамай, осында алып келеді.
– Тоңазытқыш жөндеумен айналыс­қаныма 30 жылдан асты. Оқу бітіріп келген соң аудан орталығындағы тұрмыстық заттарды жөндеу це­хында еңбек еттім. Кейін сексенінші жылдардың соңында ол мекеме жабылып қалды. Одан кейін аудан тұрғындары тоңазытқыштарын арқалап үйге келе бастады. Қолдан келгесін, сұраныс болғасын осы кәсібімді қайта жандандырып, үй ауласынан шеберхана аштым. Қазір тіпті алыс-жақын ауылдардан да келетіндер көбейді. Өзімнің тұрақты жұмысым болғасын бос уақытым бола бермейді. Бірақ мейілінше уақыт тауып, жөндеп беруге тырысамын, – дейді іскер азамат.
Еңбегімен елге сыйлы болған Батырхан ағамыз – Ақсу ауылының тумасы. Мектеп бітірген соң қатарластарынан қалмай әскерге аттанды. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келгесін Шымкент политехникалық училищесіне оқуға түседі. Ауылдан үлкен шаһарға барып білім алған ол сабақтан тыс уақытта сол өңірдегі ірі цехтарда тәжірибеден өтіп, тұрмыстық техникаларды жөндеу және қалыпқа келтіру жұмыстарын үйренді. Одан кейін Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтта білімін жетілдіріп, туған жерге оралды.
Сексенінші жылдары өңірде техникалық мамандықты игерген қазақ жігіттері аз болды. Көбіне тұрмыстық заттарды жөндейтін механиктер ірі қалаға кетіп, өндірістік зауытта жұмыс жасауды құп көрген. Сол жылдары білікті маман Батырхан Сүлейменов ауылға келіп, жалағаштықтарға қызмет көрсетті.
Аудан орталығындағы цехқа жұмысқа қабылданған шебер тұрғындардың істен шыққан техникаларын жөндеуге кірісті. Бүгінде көптің алғысына бөленген жанның есімі атала қалса, оның жомарттығы, іскерлігі, ізденімпаздығы қоса айтылады. Өйткені ол әркез тұтынушының талғамынан шығуға тырысып, адал еңбек етуді басты ұстанымына айналдырған. Ағамыздың жары – республикаға танымал ақын, сазгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз Айкүміс Орынбаева. Білім саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан Айкүміс апайымыздың шәкірттері қазіргі таңда әр аймақта қызмет етіп, еліміздің өр­кен­­деуіне үлес қосып келеді.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ
04 желтоқсан 2019 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 485

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031