» » ҚЫМБАТТЫ ЖАС ДОСТАР!

ҚЫМБАТТЫ ЖАС ДОСТАР!

Өздеріңізге белгілі, 2019 жыл - "Жастар жылы" болып жарияланғалы ауданымыздағы мемлекеттік жастар саясатында оң өзгерістер орын алып, жастар арасындағы жетістіктер қатары күн сайын артып келеді.
Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың қолдауымен бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылып, қажетті іс-шаралар жоспары қабылданды.
Сәл уақыттан кейін үстіміздегі жылдың аяқталатынын ескере отырып, Жалағаш ауданындағы жастар жылын қорытындылап, жаңа 2020 жылға арналған жоспарымызды талқылау және ұсыныс-пікірлерді ескеру мақсатында аудан жастарының кезекті форумын өткізгелі отырмыз.
Секциялық жұмыстар "Жастар кәсіпкерлігі", "Жастар саясаты" тақырыптарында Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте, "Жастар шығармашылығын дамыту" секциясы Ақсу ауылдық клубында 4 желтоқсан күні сағат 10.00-де басталады.
Сағат 15.00-де аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың қатысуымен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде аудандық жастар форумы өткізіледі.
Баршаңызды форум жұмыстарына белсене қатысуға және ауданымыздың жастарын алдыңғы қатарда болуына атсалысуға шақырамын.
04 желтоқсан 2019 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031